Тұтынушыларға қызмет көрсетудің жаңа форматы / Новый формат обслуживания потребителей электрической энергии
ҚҰРМЕТТІ «ЖамбылЖарықСауда-2030» ЖШС электр энергиясын тұтынушылары!
2022 жылдың сәуір айында «ЖЖС-2030» ЖШС тарапынан Жамбыл облысы аумағында бағдарламалық қамтамасыз етудің жаңа «АТЛАС» АБЖ (АБЖ – ақпараттық-биллингтік жүйесі» енгізілді, осы арқылы «ЖЖС-2030» ЖШС электр энергиясын тұтынушыларға қызмет көрсетудің жаңа форматына көшуді жүзеге асырды. Нәтижесінде, тұтынушылардың үйден шықпай-ақ Kaspi, Halyk Bank және т.б. банктердің мобильді қосымшалары көмегімен on-line режимде тұтынылған электр энергиясы шотын алу және төлем жасау мүмкіндігі пайда болды.
Мұнда, Kaspi банкінің мобильдік қосымшасы бойынша тұтынылған электр энергиясы үшін төлем шотын (хабарлама) күтпей-ақ төлем жасау мүмкіндігі жасалған, ол үшін – бақылаушы есептеуіш құрал көрсеткішін алғаннан кейін қосымшадағы жеке шотты тергенде тиісті төлем сомасы берілетін болады.
Сондай-ақ, есептеуіш құрал көрсеткішін алу шарасы ендігі жерде абоненттік есептеуіш құрал көрсеткішін электрондық форматта – міндетті түрде смартфон арқылы фотосуретке түсіру арқылы жүзеге асырылады.
Бағдарламалық қамтамасыз етудің ауысуына байланысты дербес шоттардың форматы да өзгеріп, аумақтық префикс қосылды, мысалы, «ЖЖС-2030» ЖШС-нің қалалық тұтынушылары үшін бұрынғы дербес шоттың алдына «10» санын қосу қажет.
Бұдан басқа, «АТЛАС» АБЖ арқылы тұтынылған электр энергиясы дерегін (есептеуіш көрсеткішін) Kaspi банкінің мобильді қосымшасында, сондай-ақ «ЖЖС-2030» ЖШС телеграмм бот арнасы арқылы беруге мүмкіндік жасалған.
Телеграмм бот сілтемесі: https://t.me/jjs2030bot. Электр энергиясын тұрмыстық қажеттіліктер үшін пайдаланатын тұтынушылардың телеграмм-бот арқылы төлемді салыстырып тексеруге, есептеуіш көрсеткішін беруге, өтінім жасауға, шот-хабарлама мен төлемді салыстырып тексеру актісін сұратуға мүмкіндігі бар.
«ЖамбылЖарықСауда-2030» ЖШС тұтынылған электр энергиясы үшін уақтылы төлем жасауларыңызды сұрайды. Төлем уақытында жүргізілмеген жағдайда біздің компания ҚР аумағындағы қолданыстағы заңнамалар аясында электр энергиясын беруді тоқтату құқығын пайдалануға мәжбүр болады. Электр энергиясы желісіне қайта қосу – орын алған дебиторлық берешек сомасы мен өсімпұлды өтегеннен кейін ақылы түрде жүзеге асырылатын болады.
«ЖЖС-2030» ЖШС әкімшілігі
--------
Уважаемые потребители электрической энергии ТОО «ЖамбылЖарықСауда-2030»!
В апреле 2022 года ТОО «ЖЖС-2030» внедрило новое программное обеспечение ИБС «АТЛАС» (ИБС – информационно-биллинговая система) в Жамбылской области, тем самым ТОО «ЖЖС-2030» перешло на новый формат обслуживания потребителей электрической энергии, где у потребителей появилась возможность получать счет за потребленную электроэнергию и производить оплату в режиме on-line в мобильных приложениях банков Kaspi, Halyk Bank и т.д., не выходя из дома.
Стоит отметить, что в мобильном приложении Kaspi банка, оплату за потребленную электрическую энергию можно производить, не дожидаясь счета на оплату (извещения), так как после съема контролером показаний в приложении при наборе лицевого счета будет показана сумма к оплате.
Съем показаний с приборов учета теперь также осуществляется в электронном виде посредством смартфона с обязательной фотофиксацией показаний абонентского прибора учета.
В связи с заменой программного обеспечения поменялся и формат лицевых счетов – добавлен территориальный префикс. Например, для городских потребителей ТОО «ЖЖС-2030» перед номером старого лицевого счета необходимо добавить цифру «10».
Кроме того, ИБС «АТЛАС» позволяет потребителям передавать данные о потребленной электрической энергии (показания счетчика) в мобильном приложении Kaspi, а также через телеграмм бот ТОО «ЖЖС-2030».
Ссылка на телеграмм бот: https://t.me/jjs2030bot. Через телеграмм-бот у потребителей, использующих электрическую энергию для бытовых нужд, имеется возможность производить сверку оплаты, передавать показания счетчика, подавать заявку, запрашивать счет-извещение и акт сверки оплаты.
ТОО «Жамбыл Жарык Сауда – 2030» просит своевременно оплачивать за потреблённую электроэнергию, в противном случае наша компания оставляет за собой право прекратить подачу электроэнергии в рамках действующего законодательства на территории РК. Обратное подключение электроэнергии будет осуществлено на платной основе после погашения образовавшейся дебиторской задолженности и пени.
Администрация ТОО «ЖЖС-2030»